7 қарашада еліміздің көп өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қ.: 07 қарашада қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 07 қарашада қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 07 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 07 қарашада көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 07 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 07 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 07 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 07 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.