"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасында жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Корпорацияның мәліметінше, енді мемлекеттік қызмет алушы азамат берген өтінімінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.
Ол үшін қосымшадағы "ХҚКО қызметтері" немесе "Арнайы ХҚКО қызметтері" бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек.
"Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады", — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қосымшада электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде "Тапсырыс тарихы" бөлімінде сақталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ХҚКО • ЦОН • Госуслуги (@gov4c.kz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз