Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
5 қарашада Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (Office of Foreign Assets Control — OFAC) директоры Брэдли Смитпен кездесті.
Кездесуде тараптар АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына ықпал ететін жанама әсерлерін азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Әңгіме барысында тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген ашық және прагматикалық диалогты жалғастыруға ниетті екендерін атап өтті. Сондай-ақ кеңестерді тұрақты түрде өткізуге уағдаласты.