"Қазгидромет" РМК 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Қ+
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және тәңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз