Қазақстандық рэп-орындаушы Say Mo (Мөлдір Есембек) пен украиналық әнші Светлана Лобода бірігіп жаңа ән жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 5 қарашасында Лобода Instagram парақшасында жаңа әнінің таныстырылымын жариялаған, бірақ кіммен орындайтынын нақты атамаған еді:
"Топтан шығар кезімде жастықпен енді ешқашан әйелдермен бірге ән шырқамаймын деген уәде беріп едім... Дегенмен өз қағидаларымның аясында шектеліп қалмауға да уәде еткенмін. Хм… жақында…" – деп жазды ол.
Ал 7 қараша түні украиналық әншінің кіммен дуэт жазғаны белгілі болды. Ол – қазақстандық әнші, рэп және хип-хоп жанрында танымал Say Mo.
Жаңа әннің атауы – "One night".
"Шығармашылық адамдары ешқашан алдын ала болжауға келмейді… ал музыка – ешқашан тәртіпке бағынбайды. Менің Қазақстандағы тыңдармандарыма сүйіспеншілік пен алғысымды білдіремін", – деп жазды Лобода Say Mo-мен түскен бейнежазбаны жариялап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от LOBODA (@lobodaofficial)
Өз кезегінде Say Mo да әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әннің шағын үзіндісімен бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Say Mo (@say_mo__)
Светлана Лобода мен Say Mo тыңдармандары бұл күтпеген шығармашылық тандемге ерекше қуанып, екеуінің коллаборациясын жылы қабылдады.
- Супер!
- Күтпеген жаңалық болды, сөзсіз керемет туынды екеніне күмәнім жоқ!
- Тамаша... үш ұйықтасам да мұндай түсіме де кірмес!
- Керемет, қуанып тұрмын!
- Басқа-басқа мұндай жаңалық күтпеген едім!