Футболшылардың нарықтық құнын бағалайтын Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ойыншылары бойынша жаңартылған мәліметтерді жариялады. Соңғы аптадағы рейтингке сәйкес, 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев ел чемпионатының ғана емес, жалпы Қазақстан футболының ең қымбат ойыншысы атанды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Басылым мәліметінше, "Қайраттың" жас форварды Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны бірден 1,2 млн еуроға көтерілген. Қазір ол 3 млн еуро деп бағаланып отыр.
Екінші және үшінші орындарды екі ойыншы бөліскен. "Астананың" жартылай қорғаушысы Назми Грипши, яғни ҚПЛ-2025 маусымындағы үздік сұрмергеннің бағасы 650 мың еуроға өсіп, 1,5 млн еуроға жетті. Дәл осындай сомаға "Қайраттың" белорусиялық жартылай қорғаушысы Валерий Громыконың да нарықтық құны артқан (+0,3 млн еуро).
Келесі орында – тағы бір "Қайрат" ойыншысы, Израиль қорғаушысы Офри Арад, оның трансферлік бағасы 400 мың еуроға көтеріліп, 1,2 млн еуроға жетті. Сол шамалас көрсеткіш "Астананың" босниялық хавбекі Иван Башичке (+0,4 млн еуро) және Қазақстан құрамасының және "Тобыл" клубының жартылай қорғаушысына (+0,3 млн еуро) тиесілі.
Осылайша жаңартылған рейтинг нәтижесінде Дастан Сәтпаев отандастары – Бахтиер Зайнутдинов (2,8 млн еуро), Нұралы Әліп (2,5 млн еуро) және Максим Самородовты (2,5 млн еуро) артта қалдырып, Қазақстан футболының ең қымбат ойыншысы атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз