Бұл жаңалықты Ұлттық статистика бюросы таратты .
Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың саны 20 млн 445 мың адамнан асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық бюроның мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде көші-қон есебінен – 10 200 адам келсе, табиғи өсім – 151 632 адамды құраған.
Республикадағы қала халқының саны 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы болса, әдеттегідей азайған. Елдемекендерде қоныстанғандар саны – 7,470 млн адам. Жалпы еліміздегі ер адамдардың үлесі 9 млн 993 мыңнан асса, әйелдердің үлесі 10 млн 452 мың 452-ні құрап отыр.
Қазір еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты.
Олар:
- Алматы қаласы – 2 337 023 адам;
- Түркістан облысы – 2 148 207 адам;
- Астана қаласы – 1 612 512 адам;
- Алматы облысы – 1 586 875 адам;
- Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;
- Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;
- Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.