Директордың орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды.

Алматы облысында мектеп оқушысының өлімі бойынша кәмелетке толмаған күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, жергілікті атқару органдарына ұсыныс берді. Қазіргі таңда мектептің директоры қызметінен босатылды және оның орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды", — деді Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.

Оқиғаның мән-жайы анықталатынын баса айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталған болатын. Мерекелік кеш кезінде оқушылар арасында жанжал болып, ұл бала өзінің сыныптасына кәуап пісіретін шампур сұғып алған. Салдарының мектеп түлегі қайтыс болды.