Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Алматыдағы жаңа үйін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қайрат баламның жаңа үйіне рум тур», – деп жазды продюсер өз Instagram парақшасында.

Айдарбекованың айтуынша, үйдің жөндеу жұмыстары жуырда ғана аяқталған. Ол бейнежазбада бірінші қабаттағы кең әрі жарық қонақ бөлмені, сондай-ақ екінші қабаттағы Қайрат пен оның балаларының бөлмелері мен гардеробын көрсетті.

— Бұл үйді бұрын сатып алғанбыз, жөндеу біраз уақытқа созылып кетті. Уақытымыз болмады. Ақыры Қайраттың әкесінің туған күніне дейін бәрін аяқтадық. Себебі немерелер аталарына келуі керек еді, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі продюсердің бастамасын қолдаса, енді бірі сын айтты.

«Қайрат пен қызым Жұлдыздың үйі деп айтсаңыз, не болар еді?», «Енелер келіннің атын айтуға қиналады, бізде де солай», «40-қа келген баланың үйін жөндеп беріп жүрген анаға не керек?», «Қайрат әп-сәтте үй сатып алды, ал Жұлдыз әлі жөндеуін аяқтай алмай жүр»,«Бала-шағасы жоқ, өзіне не керек бұл үй?» – деп жазды желідегілер.

Көпшілік Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасы жайлы да түрлі болжам айтып, жаңадан көрсетілген үйді қызу талқыға салды.