Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Әдел Әділова Астанадағы қызметтік пәтерін көрсеткен видеосынан кейін жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
TikTok-та жарияланған бейнежазбада ол пәтердің ішін толықтай көрсетіп, жиһаздың 20 жыл бойы жаңартылмағанын, теледидардың ескі үлгіде екенін және кейбір тумбочкалардың сынғанын айтқан.
Әділованың сөзінше, отбасы бұл пәтерде 2023 жылдан бері тұрып келеді. Ол бейнеролик арқылы «депутаттар да қарапайым жағдайда өмір сүреді» деген ойды жеткізгісі келгенін айтты.
Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі пәтерде шынымен отбасы тұратынына сенбеді. Көпшілігі пәтердің бос әрі тұрмыс нышаны байқалмайтынын айтып, күмән келтірді.
Бірі Әділованың видеодағы қымбат әшекейлерін сынға алса, енді бірі пәтерді жалға беріп қойған болуы мүмкін деген пікір білдірді. Тіпті, кей қолданушылар бейнежазбадағы терезеден көрінген көрініс арқылы пәтердің орналасқан тұрғын үй кешенін анықтаған.
Видео астында мысқылға толы пікірлер қалдырылған:
«Бұл пәтерді неше тәулікке жалға алдыңыздар?»,
«Қызметтік пәтер екені түсінікті, ал қала сыртындағы үйіңізді неге көрсетпейсіз?»,
«Халықты алдаудың қажеті жоқ»,
«Түсірілім үшін бір сағатқа жалға алған шығар»,
«Қала сыртындағы виллаңыздың рум-турын күтеміз».
@adel_adilova3 #депутаты #рк #квартиры #астана #казахстан ♬ оригинальный звук — Adel_adilova