Ақмола облысында полицейлер ауа райының бұзылып, мінез танытуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция өңірде ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болғанын ескертеді.
Осындай жағдайда жол апаттарының алдын алу үшін полиция жүргізушілерге барынша сақ болуды сұрайды:
- көлік жүргізгенде жылдамдықты азайтуды,
- арақашықтықты сақтауды,
- шалт бұрылуға жол бермеңіз,
- тежегішті бірден баспаңыз.
- дөңгелекті маусымына сай уақытылы ауыстырыңыз.
Бұған дейін 8 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.