Екінші сеттің соңында Рыбакина екі сетболды қайтара білді (4:5, 15:40).
Маусымның қорытынды турнирі WTA Finals финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6(0) есебімен жеңді.
Турнир барысында Елена бес жеңіске жетті. Ол мансабында үшінші рет маусымның қорытынды турниріне қатысып, алғаш рет титул иеленді. Осы жеңісі үшін Рыбакина 5,23 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұл әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Сонымен қатар, Рыбакина 1500 рейтингтік ұпай жинады. Нәтижесінде дүйсенбі күні қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы атанады.