Синоптиктер 2025 жылы 10 қарашада Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 10 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Қызылорда облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, қөқтайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 10 қарашада түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, қөқтайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Ақмола облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 10 қарашада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді Павлодарда 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 10 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың тау асуларындағы екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 10 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Бұған дейін Астанада және еліміздің 13 өңірінде қар, жел және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жасалған болатын.