2025 жылы 9 қарашада Алматыда "Перзент" балалар үйінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қарашада сағат 15:48-тен бастап өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіруде.

Zakon.kz мәліметінше, өрт балалар үйі территориясында орналасқан асханадан шыққан.

Балалар үйінің әкімшілігі ғимаратта адамдардың жоқ екенін, балалар дер кезінде эвакуацияланғанын, олар алыс қашықтықта орналасқанын нақтылайды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары дабыл белгісімен әрекет етіп, жұмыс істеуде", — деді ТЖМ.