Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Жангелдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Аруна Жангелдина 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп, финалға жолдама алды.
Бұған дейін суға жүзуден Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын жазғанбыз.