Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы балалар үйінде шыққан өртке қатысты кейінгі мәліметтерді жариялады

Ведомствоның сағат 18:13-тегі мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.

"Өрт оқшауланды", – делінген хабарламада.

Министрлік өртті сөндіруге ғимараттың күрделі құрылымдық ерекшелігі, үлкен өрт жүктемесі, сондай-ақ шатырдың резеңке жабыны бар ағаш фанермен құрылуы қиындық тудырып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.