Елімізде жасанды интеллект кірікпеген сала жоқ. Бүгінде оның мүмкіндіктері мемлекеттік басқаруға да енгізілді. Соның бірі — Ai Qyzmet. Ол мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқу плафтормасы.

Сондай-ақ Цифрлық кеңсе, Egov Mobile, Egov Business, Smart Data Ukimet ұлттық платформалары нейрожелі негізінде жұмыс істейді. Бұл бағдарламалар мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттырып, бұқара мен бизнеске қолайлы жағдай туғызады.