Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Айдар Арапов Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 90 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Мухамеджон Абдужалилзаданы (Тәжікстан) жеңді.

Еске салайық, бұған дейін Аруна Жангелдина дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленген еді.