Бұл туралы ВВС жазды.

Британиялық тарату корпорациясының (BBC) бас директоры Тим Дэйви және BBC News жаңалықтар қызметінің басшысы Дебора Тернесс BBC Panorama бағдарламасында Дональд Трамптың сөзі бұрмаланып өңделгеннен соң даудың салдарынан қызметінен кетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"BBC мінсіз емес, біз әрқашан ашық, транспарентті және есеп беруге міндеттіміз. Бұл жалғыз себеп емес, бірақ BBC News төңірегіндегі қазіргі дау менің шешіміме әсер етті. Жалпы BBC жақсы жұмыс істейді, бірақ кейде қателіктер болды және бас директор ретінде соңғы жауапкершілікті өз мойныма алуым керек", – делінген Дэйви хатына.

Оның айтуынша, ол директорлар кеңесімен қызметтен кету мерзімін келісіп жатыр, жаңа басшылыққа өкілеттіктерді біртіндеп тапсыру келесі айларда іске асады.

– Қателіктер болды, бірақ мен нақты айтқым келеді: BBC News-ке ұйым ретінде тағылған соңғы айыптаулар – жалған. Жауапкершілік менде", – деп жазды Дебора Тернесс.

Тернесс сенбі күні Тим Дэйвиға қызметінен кету туралы өтініш бергенін хабарлады.

BBC бас директоры Тим Дэйви бұл қызметке 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Бұған дейін ол жеті жыл бойы корпорацияның коммерциялық бөлімшесі BBC Studios-ты басқарды. Жалпы BBC-де 20 жыл жұмыс істеген.

Ал BBC News жаңалықтар қызметінің басшысы Дебора Тернесс осы ұжымға 2022 жылдан бері басшылық етіп келген.