Әуе кемесінің командирі Сергей Пинигин мен екінші ұшқыш Олег Алфеев тапсырманы сәтті орындап , сәби облыс орталығына аман-есен жеткізілді.

ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан нәресте шұғыл түрде Өскемен қаласына тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазавиақұтқару" РМК экипажы ШҚО Шемонаиха қаласынан санитарлық рейс орындады. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге денсаулығына байланысты шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді Өскемен қаласына жеткізді.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары пациенттерді жерүсті көлігімен жеткізу көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.