ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта келесі ұсыныстар қамтылған:

  • Жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған біржолғы төлемдерден жеке табыс салығын ұстаудан босату;
  • Банк алдындағы несиелік жүктемені азайту үшін ипотекалық тұрғын үй қарызының негізгі қарызын өтеу, не ай сайынғы төлем мөлшерін төмендету, не несие мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастыру.

Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер жобасы азаматтардың зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалану арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беруді көздейді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.