Бөлімдер
Жаңалықтар

Елде арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

40 бірлік қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі.

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда.