Биыл мереке сейсенбіге түскендіктен , қазақстандықтар қосымша демалыс алмайды.
Қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 күн демалады. Биыл Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тек бір күн ғана демалыс беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндерінің 2025 жылғы күнтізбесіне сәйкес, қараша айында отандастарымыз 9 күн демалады.
Алдағы желтоқсан айында да бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 демалыс күні болады. Айта кетейік, қосымша демалыс аптаның ортасында – 16 желтоқсанға, Тәуелсіздік күніне орай сейсенбіге түседі.
Егер мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сай келсе, демалыс бір күнге ұзартылады.