Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 10 қарашада Ақорда таратқан мәліметтен белгілі болды.

"Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады",- делінген ақпаратта.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Бұған дейін мемлекет басшысының Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдағанын жазғанбыз.