Бұл шектеу Парламент сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат материалдарына қатысты.
Қырғызстанда бүгін Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды.
Соған орай Сайлау және референдум өткізу бойынша орталық комиссиясының мүшесі Узарбек Жылкыбаев мемлекеттік және муниципалды қызметшілерге, акцияларының 30 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік желіде кандидаттарды қолдап пост жазуға және үгіт-насихат жазбаларына реакция білдіруге тыйым салынғанын хабарлады, деп жазды 24.kg.
"Әсіресе мемлекеттік БАҚ өкілдері бұлай істемегені абзал. Одан гөрі 30 қарашада сайлау учаскесіне барып, өз кандидатыңызға дауысыңызды беріңіз", – деді Узарбек Жылкыбаев.
Еске салайық, үгіт-насихат науқаны 20 күнге – 29 қарашаға дейін созылады.
Оқи отырыңыз:
"Мен қазақтың жиенімін". Қырғыз президенті Садыр Жапаров екі халықты бір-біріне қарсы қоятындарды сынға алды
"Түстеріңде ғана көресіңдер". Қырғыз президенті мемлекеттік төңкеріс жасағысы келетіндерге азу тісін көрсетті