Жетісу облысында 36 мың гектардан астам жер зиянкестерге қарсы залалсыздандырылды , деп хабарлайды 24KZ. Дәрілеу жұмыстарына алғаш рет дрондар пайдаланылды.

Мамандар: «Биылғы қыстың жылы болуына байланысты шегірткелер жылдағыдан 15 күнге ерте оянды», – деп отыр. Әрі күзде жасалған зерттеу болжамнан әлдеқайда көп. Сондықтан қазір өңірдің барлық аудандарында дернәсілдердің ошағын анықтау және жою жұмыстары қолға алынған. Көгергенді көктей солдыратын жәндіктермен күрес үш кезеңмен жүргізіліп, тамыз айының ортасына дейін жалғасады.

Мәулен Жұмағалиев, облыстық аумақтық инспекция басшысы:

- Биылға 114 814 гектар жоспарланған. Ол 24 жылға қарағанда 5 мың гектарға артық. Қазір 114 814 гектардың 36 380 гектары өңделді. Жалпы өңделетін жер көлемінің 33%-ін құрайды.