Париждің апелляциялық соты Францияның экс-президенті Николя Саркозиді түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Тіпті, желіде Саркозидің Санте түрмесінен қара жеңіл көлікпен шыққан видеосы да пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

LCI телеарнасының мәліметінше, Саркозиді босатқанымен, оған қатысты бірқатар тыйым салынатын әрекеттер қарастырылған.

"Сот Николя Саркозиді босату туралы өтінішті дұрыс деп санайды және оны сот бақылауымен босатуды бұйырады", делінген хабарламада.

Францияның бұрынғы президенті ел аумағынан шыға алмайтыны, іс бойынша басқа айыпталушылармен араласа алмайтыны және әділет министрі Жеральд Дарманенмен байланысқа түсе алмайтыны да нақтыланады. Егер бұл шарттар орындалмаса, Саркозидың түрмеге қайта тоғытылуы мүмкін.