Сондай-ақ, барлық мектепте оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.
Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқыту режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өңірлік Білім басқармасы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасады.
"Павлодар облысының барлық мектебінде 2025 жылғы 11 қараша күні 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0-5°С, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.