Эквадордың Мачала қаласындағы түрмеде бүлік шығып, алас-күлесте 31 сотталушы көз жұмды. Мекеменің мәліметі бойынша, жаппай тәртіпсіздікке кейбір сотталушыларды қатаң режимдегі түрмеге ауыстыру себеп болған.
Қазір түрме іші тынышталды. Құзырлы орган оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қыркүйек айында да дәл осы түрмеде екі топ өкілдерінің арасында қақтығыс болып, 14 адам мерт болған еді.