Оқушыларды тасымалдау да тоқтатылады .

Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқыту режиміне ауыстырылды. Өңірлік Білім басқармасы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасады.

"Павлодар облысының барлық мектебінде 2025 жылғы 11 қараша күні 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0-5°С, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар барлық мектепте оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.


Оқи отырыңыз: Назарбаев мектептерінің оқушылары сабақ кезінде смартфон қолданбайды