Семейде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Бауыржан Нарбаев араға 7 жыл салып, жаңа салмақта чемпионы атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Семей қаласындағы "Абай-Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Бауыржан Нарбаев -66 кг салмақта топ жарған.
Дзюдошының айтуынша, былтыр осы салмаққа ауысқан.
"Бұл менің 7 жылдан кейін Қазақстан чемпионатында жеңіп алған алтыным. Осы аралықта күміс, қола және ащы жеңілістер де болды. Бұл менің ұзақ жылғы еңбегімнің нәтижесі. Былтыр салмақ ауыстырып, 66 кг дейінгі категорияға ауысқанмын.
Бүгін бір жыл бұрынғы қоланы алтынға айырбастаудың сәті түсті. Қуаныштымын!" — деді Бауыржан Нарбаев марапаттау рәсімінен кейін Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондар мен жүлдегерлер:
-48 кг:
- 1. Тасним Абдуали (Шымкент қаласы)
- 2. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)
- 3. Зарина Құсадин (Алматы қаласы)
- 3. Әсел Русланова (Атырау облысы)
-60 кг:
- 1. Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)
- 2. Тоқтар Үміталиев (БҚО)
- 3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
- 3. Асылхан Зинулин (БҚО)
-52 кг:
- 1. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
- 2. Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)
- 3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
- 3. Сара Шұғаева (Алматы қаласы)
-66 кг:
- 1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
- 2. Ақылжан Жұбатқанов (Маңғыстау облысы)
- 3. Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)
- 3. Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз