Ол үкім оқылмас бұрын өзі отырған кабинаның әйнегін сындырып, қарсылық білдірді.
Өйткені, Хасан Қасымбаев сот залында БАҚ өкілдері болмағанын талап еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұны сотталушының туған-туыстары да қуаттаған. Алматы облысы соты журналистердің қауіпсіздігін назарға алып, оларды басқа кабинеттен хабар таратуға шақырған.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаев "адам ұрлау", "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" және "бопсалау" баптары бойынша күдікке ілінген еді.
Бүгін ол сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қасымбаев жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Бұған дейін прокурор оны 15 жылға соттауды сұрған болатын.
Кеше ғана Хасан Қасымбаев сотта "Бір "кінәлі" керек болды, соған мені таңдады" деп соңғы сөзін айтқан еді.