Алматы облысының Талғар аудандық соты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған Хасан Қасымбаевты 12 жылға соттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соттың мәліметіне сүйенсек, Хасан Қасымбаев адам ұрлау, қасақана ауыр зиян келтіру, қорқытып ақша боспалау баптары бойынша сотталып отыр.

Хасан Қасымбаев пен оның төрт сыбайласынан екі адам зардап шеккен. Оның бірі — кәсіпкер Әріпжан Тәжиев болса, екіншісі фитнес-тренер – Арман Әлімов.

Сот «Хуторлық» деген лақап атқа ие Хасан Қасымбаев пен оның бес сыбайласының кінәлары толық дәлелденді деп тауып, оларды ұзақ жылға соттады.

Соның ішінде,

  • қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болып танылған Хасан Қасымбеков 12 жылға;
  • бұрын адам өлтіргені үшін сотталған Нұрмұхамет Сұлтановты 22 жылға;
  • Мадияр Кәлімжановты 9 жылға;
  • Сайлау Ақтановты 8,5 жылға;
  • Данияр Асқаровты 8 жылға соттады.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болған еді.