Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан 2025 жылғы 11 қарашада үкімет отырысында Қазақстанда геологиялық деректердің біртұтас инфрақұрылымын қалыптастыру жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Иран Шархан геологиялық аналитиканың сапасын арттыру үшін "Ұлттық геологиялық қызмет" базасында заманауи сертификатталған лабораториялық кешен құрылатынын айтты. Бұл кешен ғылыми және технологиялық әлеуеттің орталығына айналады.
"Жоба тек аналитикалық зертханаларды ғана емес, сонымен қатар қор сақтау және керн сақтау орындарын салуды көздейді, бұл еліміздің геологиялық деректерінің біртұтас инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Астанада 4 гектар жер учаскесіне мемлекеттік акт берілді. Жобаның болжамды құны – 14 млрд теңге, пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған", – деді ол.
Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы айтып өткен еді.