Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 31 қазандағы бұйрықпен арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесіне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізбеге "Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағы қосылды, ол үшін мынадай қызмет түрлері айқындалды:
- тоқыма бұйымдарын өндіру;
- киім өндіру;
- былғары және оған жататын өнімдерді өндіру;
- жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру;
- сабаннан жасалған бұйымдар мен тоқуға арналған материалдар өндірісі;
- қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
- химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
- негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
- резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
- портландцементті, глиноземді цементті, шлакты цементті, суперсульфатты цементті, сульфатқа төзімді цементті, тампонажды цементті және ұқсас гидравликалық цементтерді қоспағанда, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру, боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер нысанында;
- дайын металл бұйымдарын өндіру, машиналар мен жабдықтардан басқа;
- компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі;
- электр жабдықтарын өндіру;
- басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;
- автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
- әуе, ғарыш және осыған ұқсас техника өндірісі;
- өзге де дайын бұйымдар өндірісі;
- әуе кемелері мен ғарыш кемелерін жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
- қойма шаруашылық және қосалқы көлік қызметі;
- инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ объектілерді салу және пайдалануға беру, жобалық-сметалық құжаттама шегінде жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған;
Бұйрық 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, "Қорқыт Ата" АЭА 2025 жылдың мамыр айында құрылған. Ол Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі мен "Қорқыт Ата" халықаралық әуежайының айналма жолының жанында орналасқан. АЭА ауданы 550 га құрайды.