Кешенді тестілеу 14 қарашада өтеді.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында магистратурада білім алу үшін 11 мыңға жуық адамның өтініші қабылданды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Үміткерлердің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар мен Инженерия, өңдеу және құрылыс салаларын таңдаған. Кейінгі орында Бизнес, басқару және құқық саласы тұр.
Үміткерлер таңдаған салалар туралы статистиканы төмендегі кестеден көруге болады:
"Даярлау бағытын (бейіндік және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін кешенді тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады. 14 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсуішінің жеке кабинетінде жарияланады", – делінген ҰТО хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
Магистратураға құжат өткізгендердің жартысына жуығы педагогикалық ғылымдарды таңдады
Париж Олимпиадасының жүлдегерлері магистратура мен докторантура грантына ие болды