Алматының бірнеше ауданында кешке қарай түсініксіз дыбыс естілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде шамамен сағат 17:40–та Жетісу, Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында белгісіз дыбыс естілгенін жазды.
Көпшілік бұл жылу электр орталықтарының бірінде ауа шығару жұмыстарына байланысты болуы мүмкін деп болжам жасады.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті дыбыстың себебін түсіндірді. Ведомство мәліметінше, дыбыс ЖЭО-1-де түтін мен күйеден құбырларды жоспарлы түрде тазалау (жуып шаю) жұмыстарынан кейін шыққан.
Департамент тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ екенін және жағдай толық бақылауда екенін хабарлады.