14 желтоқсаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Алматы – Ташкент" халықаралық бағыты бойынша "Тальго" пойызының қозғалыс кестесін күнделікті режимге ауыстырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл шешім тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бағытқа жоғары жайлылық деңгейіне ие "Тальго" құрамдары шығарылады. Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді", — делінген хабарламада.

"Тальго" пойзының күн сайын қатынауы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттағы пойыз қозғалысының кестесіне қосымша өзгерістер енгізілмек.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз