Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған", – деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.