Грузияда апатқа ұшыраған түрік әскери ұшағының бортында болған 18 әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзе мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

Геладзенің айтуынша, құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұшақ бортында болған 20 адамның 18-нің денесі табылған.

"Екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Түркияның ішкі істер министрімен үнемі байланыстамын", — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада Әзербайжаннан ұшып шыққан Түркияның C-130 әскери ұшағы Грузия аумағында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 20 әскери қызметші болған.

Грузия ІІМ-нің өкілдері әскери ұшақтың Сигнаги муниципалитеті аумағында құлағанын хабарлады. Ол Грузия шекарасынан 5 шақырым жерде орналасқан.

Ұшақ апатына байланысты Грузияның құзырлы органдары адам өліміне әкеп соққан әуе көлігі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Кейінірек Түркия билігі 20 әскери қызметiшінің түгел қаза тапқанын мәлімдеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз