Кеше, 11 қарашада Мысырда туристер мінген автобус жол апатына түсіп, жолаушылар қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтары бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Хургада – Каир жолында, Қызыл теңіздің солтүстігінде болған. 36 адамнан тұратын туристік топ мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Жолаушылар арасында ресейліктерден басқа Финляндия азаматтары да болған.
Жол-көлік оқиғасының себебі әлі анықталған жоқ.
Ресми мәлімет бойынша, апаттан екі адам қаза тапты: ресейлік әйел мен мысырлық азамат.
Ресей Федерациясының Хургададағы бас консулдығы апаттан кейін 14 ресейлік турист ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
"Бір адам қайтыс болды, 14 адам орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды: бір адам Каирде, екеуі Рас-Гаребте және 11 адам Хургадада. 12 адам қонақүйлеріне қайтып жатыр, ауыр зардап шеккендер жоқ", — дейді Ресей дипломатиялық өкілдігі.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарақат алғандардың арасында 10-13 жас аралығындағы үш бала да бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз