Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары 13 қарашаға қараған түнде аяқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты.
"Внуково әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды", — делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік. Мемлекет басшысының бортын шекарадан Ресей Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қарсы алды.
Тоқаев пен Путин Кремльде бейресми кездесу өткізді.
Екі ел президенті келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aqorda (@akordapress)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз