Кейде ойымыздағы сөздер нақты біреудің дауыстай анық естілгендей болатынын байқағансыз ба? Бұл — миымыздың қызық қасиеті.
Нейробиологтер адамның ішкі моно-логі арнайы нейрондық желінің белсенділігі арқылы пайда болатынын анықтады. Ми біз ойлаған сөздерді «есту орталығына» жібереді, сол себепті дауыс сырттан келмесе де, шын естілгендей сезіледі. Тағы бір қызық жайт: ішкі дауыстың тембрі, ырғағы, тіпті кейде бөтен адамның үніндей шығуы — есте сақталған акустикалық модельдердің іске қосылуынан. Яғни миымыз бізбен «шынайы үнде» сөйлесе алады.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті