АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталды. Конгрестің төменгі палатасы шатдаунды тоқтату туралы заң жобасын дауысқа салып, оны Өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады. Енді президент Дональд Трамп құжатқа қол қояды. Сөйтіп Үкіметті уақытша қаржыландыру 30 қаңтарға дейін жалғасады.
Айта кетейік, 43 күннен кейін үкімет жұмысын қайта жалғастырады.