Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2025 жылғы 13 қарашада Сенат қабырғасында Германияда экс-судьяға қатысты қылмыстық іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Санжар Әділовтің айтуынша, Қазақстан азаматына қарсы Германия аумағында жасалған аса ауыр қылмыс туралы іс ҚР Бас прокуратурасының құзыретінде.

"Қазақстанда қозғалған қылмыстық іс бар екендігі туралы ақпаратқа сәйкес, расында да бізде 110-бап – "Азаптау" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алайда бұл факт тек зардап шеккеннің туыстарының өтініштері негізінде қарастырылып жатыр. Ал бұл оқиғалар сол кезде ерлі-зайыптылар Қазақстан аумағында, атап айтқанда Жетісу облысында болған кезімен байланысты. Германияда – бұл қасақана кісі өлтіру болса, бізде – жұбайына дене жарақатын келтіру және азаптау фактісі, бірақ ақпарат алынған. Біз осы факті бойынша тергеу жүргізудеміз", – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, қылмыстық іс аясында қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, бірнеше сараптама тағайындалған.

"Біз зардап шеккендермен тұрақты байланыстамыз", – деді Санжар Әділов.

2024 жылғы 10 маусымда ҚР СІМ хабарлағандай, Германия полициясы із-түссіз жоғалған қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваны іздестіріп жатқан. 17 маусымда оның денесі зорлық-зомбылық белгілері бар пластик пакеттің ішінде қала шетінде табылғаны белгілі болды.

Тергеу әлі 40 жастағы қазақстандық әйелді өлтірді деп күдіктіні анықтаған жоқ, алайда Сайлыбаеваның соңғы күндері туралы кейбір деректер белгілі болып отыр.