"Қазгидромет" РМК 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай 15 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында қар, боран, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде Абай облысының солтүстігінде және орталығында қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
14–15 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа, ал 14 күндіз және 15 қараша түні екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Астана қаласы мен Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында боран, батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. 14–15 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с-қа, кейде 23–28 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз