Қазақстандық актриса, кино жұлдызы Дариға Бадықова желідегі оқырманына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Instagram желісіндегі жазбасында мықты әйел болудың қандай екені туралы ой толғаған.

"Мықты әйелдер ешкімге ұнамайды. Өйткені олар ешкімге жүгінбейді. Ешкімнен ештеңе күтпейді. Бәрін өз күшімен, өз жүрегімен жасайды. Мен де сондаймын", — деп жазады актриса өзі туралы.

Айтуынша, ол біреуден көмек сұрауды білмейді, керісінше өзі біреумен бөлісуді, басқаға пайдалы болуды ұнатады. Бірақ оны түсінетіндер аз дейді актриса.

"Мен үшін өмір – ортақ кеңістік, ал мен – бөлісуді, пайдалы болуды сүйетін жанмын. Бірақ…

Неғұрлым бөліскен сайын, соғұрлым жалғызсырауың мүмкін. Мықтыларды бәрі түсіне бермейді. Өнерде де, өмірде де, қолпаштайтындардан гөрі сынайтындар көп… Мықты әйел сыңарының алдында да, бірінші орында болмайды....

Өмір заңдылығы: адамдар мүсәпір болсаң – жұбатқысы келеді, құрбан болсаң – аяғысы келеді, ал мықты болсаң – онша ұнатпайды. Мықты әйелді көпшілік түсінбейді. Оны мақтамайды, жақтамайды. Себебі мықты әйел – айна, әркімнің өз әлсіздігін өзіне көрсетіп қояды", — деп жазды Дариға Бадықова парақшасында.

Актриса әлсіз тұстарын көрсетуге намысы жібермейтнін, сондықтан бәрінен тәуелсіз адамға айналғанын айтады. Бірақ мықты бола тұра, ешкімге көрсетпей жылап алатын сәттері болатынын мойындайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз