Талдықорғандық Дәрия Қуатжан "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрия Қуатжанға 26 376 адам дауыс берген (барлық нәтижелер өңделгеннен кейінгі қорытынды дауыс саны).

Екінші орын 13 160 дауыс жинаған өскемендік Диана Қырымға, үшінші орын 11 045 дауыс жинаған Түркістан қаласының өкілі Дариға Рахымға бұйырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dariya (@dariyakuatzhan)

Айта кетейік, былтырдан бері "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазын халық таңдайды. Яғни жеңімпаз дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақ Аруы» байқауына 15 жыл! (@qazaq_aruy_official)

Дәрия Қуатжан – жас дизайнер әрі кәсіпкер. Ол арнайы "Қазақ аруы" ұлттық байқауы үшін 20 күнде "Көшпенді дала ұрпақтары" топтамасын дайындаған.

Оның айтуынша, киімдегі әр деталь байтақ даламыздан, бабаларымыздың қайсар мінезінен, жігерлі намысынан шабыт алып жасалған.

"Үйлесімді түс, сырмалы тігіс, бұйымдар барлығы қазақ үнімен сөйлеп тұрғандай", — дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dariya (@dariyakuatzhan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dariya (@dariyakuatzhan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dariya (@dariyakuatzhan)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз