Мақсат – мал басын еселеу. Солай Қазақстанның халықаралық нарыққа ет жеткізуші ірі ел ретіндегі мәртебесін бекіте аламыз. Президент осы саланың әлеуетін барынша пайдалануға үндеді.
Мемлекет тиісті қолдау көрсететінін жеткізді. Былтыр 60 млрд-тан аса теңге бөлінді. Сондай-ақ шаруашылығын кеңейтемін деген кәсіп иелеріне жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік бар. Жайылымдарды сумен қамту, бордақылау алаңдарын салу және асылтұқымды мал алуға мемлекеттен субсидия беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ветеринария саласындағы жағдай мәз емес», – деді. Саланы материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау қажет. Мал дәрігерлерінің еңбек жағдайын жақсартып, жайлы инфрақұрылым жасауды тапсырды.