Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеген.

Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиеев қарсы алған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз